Білім және ғылым министрлігі мектептерде, колледждер мен университеттерде дебат қозғалысын қайта жаңғыртып жатыр. Бүгінгі таңда білім саласын басқарып отырған Асхат Аймагамбетовтың пікірінше, қазіргі уақытта жан-жақты даму үшін тек білім қоры жеткіліксіз. «Әр адам жинаған білімі мен білігін дұрыс пайдалануы маңызды. Бұл ретте дебат ойындары мен мектептегі өзін-өзі басқару тетіктері аталған қабілеттерді қалыптастырады», – деп жазды министр.
2021 жылдың қазан айының 13-і күні Біржан сал ауданының «Үлгі ауылының ЖОББМ» КММ-сінде аудандық дебат турнирі өтілді. Аудандық мектептерден барлығы 7 команда қатысты. Барлық қатысушылар өз ойларын еркін жеткізуде де, қойылған сұрақтарға жауап беруде де, суырыпсалмалық жағынан да өздерін көрсете білді. 1-орынды Макинка ауылының ЖОББМ КММ-сінің 'Жалын' дебаттық клубы иеленсе, 2-орынды Абай атындағы ЖОББМ КММ -сінің «Аманат" дебаттық клубы 3-орынды Андықожа батыр ауылының ЖОББМ КММ-сінің Женисхан Саулегуль жетекшілік еткен, жаттықтырушылары Нұрасыл Әскербек және Қизат Ересен мұғалімдермен бірлесе жұмыс істеп жатқан «Ақиқат" дебаттық клубы иеленді. Дебаттық клуб мүшелерінің ішінен өз өнерлерімен 10-сынып оқушысы Бейсенбек Нұрсәуле және 9-сынып оқушысы Хоман Расул топ жарып аудандық турға барған еді.