"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі"  КММ
"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі"  КММ

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық байқау жеңімпазы

     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Бабалар рухы — балаларға»  атты облыстық онлайн байқау өтті. Байқау –батыр бабаларымыздың даңқты тұлғаларына тағзым етіп, олардан мирас болып қалған ерлік пен батырлықтың рухын жас жеткіншектердің бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған еді. Байқауға облысымыздың барлық ауданынан  210 оқушы қатысты. Байқау шарты бойынша  7-14 жас аралығындағы  ер балалар батырлар жырын жатқа айтуы керек еді. Ақмола облысы Оқу-әдістемелік орталығының басшысы Қаратай Бәйкенұлы өзі бастап  төрағалық  еткен бұл байқауда  Біржан сал ауданы  Донской орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы Мырзатхан  Бекарыс Қанатұлы  ауданымыздың абыройын асқақтатып, жүлделі І орынды  қанжығасына байлады. Мектебіміздің, ауданымыздың мақтанышына айналған Бекарыс енді облысымыздың бетке ұстар оқушыларының біріне айналды. Жарайсың, Бекарыс!

Жаңартылған күні: 01.09.2020 13:25
Құрылған күні: 27.01.2021 15:15

Текст