"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі"  КММ
"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі"  КММ

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тіл білгірі» сайысы.

01.03.2017

«Тіл білгірі» сайысы.


Мақсаты: Орыс тілінде білім алатын оқушылардың өз елін туған

жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің

мәртебесін көтеруге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң

қайтара білуіне үйрету.


Көрнекілігі: рәміздер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.


Барысы:


Мұғалім:

- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!

- Құрметті оқушылар сендер бізде қандай апталық

болып жатқанын білесіңдер ме?

- Дұрыс, қазір бізде «Тіл апталығы» өтіп жатыр

Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі.

Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының азаматтық парызы. Қазіргі

қазақ тілі - дамыған тіл.


«Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -

Мемлекеттік тілді білген жөн болар.» - дей келе

бүгінгі «Тіл білгірі» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Алдымен

сайысымыздың кезеңдерімен және шарттарымен таныстырып кетсем, сайыс 5 аялдамадан

тұрады:

I аялдама - «Сәлем - сөздің басы» (Топтар

өздерінің тобына ат қояды  және ұранымен

таныстырады)

II аялдама - « Кім жылдам?» (Берілген сөзден

топтар көбірек сөз құрауы керек)

III

аялдама - «Тапқыр болсаң - тауып көр» (Топ басшыларының білімі мен шапшаңдығы

сыналады)

IV аялдама - "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" мәнерлеп

оқу сайысы.

(Әр топтан бір оқушы шығып

берілген тіл туралы өлеңді мәнерлеп оқиды.)

V аялдама  - 

"Жеті жұрттың тілін біл" (жұмбақты шешу керек және жауабын үш

тілде айтуы керек, яғни қазақша, орысша, ағылшынша)

 

Сайысты бастамас бұрын әділқазыларымызды сайлап алайық.

-                                                           

– директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.

-                                                           

 - қазақ тілі пәні мұғалімі.

-                                      

                     – қазақ тілі пәні мұғалімі.

     

 Сайысқа бес

адамнан құралған екі топ қатысады.

«Сайысымздың бет ашарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнеріне ду қол соғып қостайық», - деп,

кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.


I

аялдама - «Сәлем - сөздің басы»

Әр топ өзінің тобын, топ басшысын, топ

мүшелерімен таныстырады және өз өнерлерін көрсетеді. Бұл аялдамаға 6 мин уақыт

беріледі .

І топ: «Жас ұлан».

       Қалықтап

көкте жас қыран,

       Халықпыз

сөзге тоқтаған.

       Тілімен

топты жаратын,

       Тобымыз

біздің – «Жас ұлан».

ІІ топ:

«Топжарған».

       Шығарар

намыс топты алдан,

       Дуалы ауыз

тілге арман.

       Сайысқа

келдік біліммен,

       Тобымыз

біздің – «Топжарған».



II аялдама - « Кім жылдам?»

Бұл кезеңнің шарты екі топқа бірдей «Қарлығаштар» сөзі

беріледі. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөздер құрастыру.

Құрылатын сөздер:

(Қар, қарлы, тар, ағаш, ақтар, ғашық, ара, аш, ақ, қаш т.б.)


III аялдама - «Тапқыр болсаң - тауып

көр»

Мықты болсаң - алдағыны басып

оз.

Мықты болсаң - арттағыны

жеткізбе!

Мықты болсаң - тайғанама көк

мұзда!

Мықты болсаң - бөгеттерді

бұзып өт – деп сайысымыздың үшінші кезеңіне өтейік.


Бұл аялдамада әр топтың топ басшылары сыналады. Әр

топтың топ басшысына 10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1

жұлдызшамен бағаланады.

Бірінші топқа қойылатын сұрақтар:

1. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)

2. Күз айларын ата?

3. 16 желтоқсан қандай мереке?

(Тәуелсіздік алған күн)

4. Мағыналары бір - біріне қарама

- қарсы сөздер (антоним)

5. Дулыға, сауыт сөздері қандай

сөздер?(көнерген сөздер)

6. Фонетика

нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)

7. Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм)

8. Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?

9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?

10. Аптаның төртінші күні қалай аталады?


Екінші топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар:

1. Апта күндерін ата?

2. Фонетика

нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)

3. Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)

4.

Сен қай қалада, қай көшеде тұрасың?

5. Біздің мектеп қандай?

6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)

7. Қазақ тілінде неше жалғау бар және оны ата

8. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

9. Қыс айларын ата?

10. Батыр

сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)

IV аялдама - "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы"

мәнерлеп оқу сайысы.

(Әр топтан бір оқушы шығып

берілген  тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп

оқиды.)

Қазақ тілі


Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутімнен

Құлағыма сіңірген таныс үнім.


Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен, «құлыным», «жаным» деген

Сол тілменен бірінші білгізілген:

«Ана» деген сүйгендік сөз әм менен


Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін

Сол тілменен ойнадым далада еркін

Сол тілменен бірінші сыртқа шығып

Өмірде ен далада ұққан көркім. (С. Торайғыров)


Ең бірінші бақытым - Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер.

Жадыңда ұста,

Жақсылық күтпегейсің!

От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!  (М.

Мақатаев)

 

V аялдама  -  "Жеті жұрттың тілін біл"

Жеті жұрттың тілін біл, жеті

түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын. Кезеңіміздің

атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады,

ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын

тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан

беріледі.

 

1. Қабат – қабат қаптама

Ақылың болса аттама. (кітап –

книга - book)

2. Көзге көрінбейді, жұтсаң

білінбейді. (Ауа – воздух - air)

3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,

Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык

- language)

4. Әй, керемет бір ит бар

Үй бағады үрмейді.

Аяғы жоқ жүрмейді.

Рұқсатсыз ол иттен

Ешкім үйге кірмейді. (құлып –

замок - lock)

5. Бір үйге көзсіз боп

кіресің,

Бұл үйден көреген боп шығасың

(мектеп – школа - school)

6. Қалқиып ұзын құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады

(Қоян - заяц - carrot)

7. Тілден ұшып, құлаққа

қонады. (сөз - слова - words)

8. Мұрты бар, иегінде сақалы

жок,

Тоны бар, киетін шапаны жок,

Пайдасы үй ішінен табылған

соң,

Далаға кіріп шығар сапары

жоқ.

(Мысық - кот - cat)

9. Қозғалмастан бір елі, күні

бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)

10. Таңмен көзін ашады,

әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)

 

Мұғалім:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң

қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай

заңдылық?!

Өсер болсаң, байтақ далам

тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек

мәңгілік!- дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

 

Төрешіге сөз беріліп, ұпай

саны бойынша нәтижесі шығарылады, жеңімпаздарды анықтайды. Бір оқушы озып

шығып, жеңімпаз атанады.

Назарларыңызға көп рахмет!

Просмотров: 496


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст