"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі"  КММ
"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі"  КММ

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ ғылымын әлемге танытқан

01.03.2017

Қазақ ғылымын әлемге танытқан

 Мұхтарбай Өтелбаев туралы алғаш рет мектептің бастауыш

сыныбында оқып жүргенде естіп едім. Үйде еден жуып жүріп, радиодан сұхбат алып

жатқан әйел-журналистің тартымды даусы мен бір ер адамның әңгімесі құлағыма

шалынады. Алдымен ғылыми тақырыпқа сөйлеп жатқан адамдарға мән бермей, өз

жұмысымды атқарып жүрген мен сұхбат соңында Өтелбаев деген текті естігенімде,

денемде әлдебір сезім пайда болып, елең еттім. Сол кезде сұхбатты неге басынан

бастап тыңдап, мағынасына мән бермедім екен деген өкініш пайда болды.

Кейін жылдар өтіп, мектеп бітіргеннен кейін, Ш.Уәлиханов

атындағы КМУ-нің математика мамандығына грантқа ие болып, оқуға түстім.

Бастапқы уақытта өзіме неге осы мамандыққа түстім екен деген сауал қойып,

өз-өзімді мазалап, әбігерге түстім. Уақыт өте келе, студенттік өмірдің қызығымен

бойым үйренді. Сөйтіп, 3-курс  оқып

жүріп, мамандық пәндер ұстаздарының біреуі: «Сен академик Өтелбаевтың туысы

емессің бе?»- дегенде, әлгі сұхбат есіме түсті. Сол кезден бастап бұл

математиктің өмірбаяны мен ғылыми салаға қосқан үлестеріне үнемі қызығушылық

таныта бастадым.

Мен Өтелбаев Мұхтарбай Өтелбайұлының туысы емеспін, тек

тегіміз бірдей болмаса. Өз ауылымдағы орта мектептің қарапайым математика

пәнінің мұғалімімін. Бірақ, біздің қазақ ұлтының ішінде осындай тұлғалардың

болғаны үшін қуанышым қойныма толмайды. Қазақ математигі, физика-математика

ғылымдарының докторы, профессор осыдан екі жыл бұрын мыңжылдықтың алтыншы

проблемасы -  Навье-Стокс теңдеуі

шешімінің дәлелденуін  «Математикалық

журналда» жариялады. Бұл әлемдік деңгейдегі жетістік! Осыдан басқа еліміздің

ғылымының дамуына қосқан үлесі қаншама?!

Өз басым, Мұхтарбай Өтелбайұлы сияқты ғұлама болмасам да,

бүгінгі ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуге үлесімді қосуға тырысамын. Қазіргі

ұрпақ- ұлт болашағы демекші, ұлтымыз заман талабына сай білімді болуы - ұстаздардың

қолында. Осыдан оншақты жыл бұрын математика пәнінің мұғалімі мамандығына жолдама

алғаным – Жаратқанның жазуы болар.

Просмотров: 461


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст