"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі"  КММ
"Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының  жалпы орта білім беретін  мектебі"  КММ

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудандық дебат сайысының қорытындысы

19.10.2022

   Білім және ғылым министрлігі мектептерде, колледждер мен университеттерде дебат қозғалысын қайта жаңғыртып жатыр. Бүгінгі таңда білім саласын басқарып отырған Асхат Аймагамбетовтың пікірінше, қазіргі уақытта жан-жақты даму үшін тек білім қоры жеткіліксіз. «Әр адам жинаған білімі мен білігін дұрыс пайдалануы маңызды. Бұл ретте дебат ойындары мен мектептегі өзін-өзі басқару тетіктері аталған қабілеттерді қалыптастырады», – деп жазды министр. 

      2022 жылдың қазан айының 13-і күні Біржан сал ауданында аудандық дебат турнирі өтілді. Аудандық мектептерден барлығы 8 команда қатысты. Барлық қатысушылар өз ойларын еркін жеткізуде де, қойылған сұрақтарға жауап беруде де, суырыпсалмалық жағынан да өздерін көрсете білді. Тарих пәнінің мұғалімдері Н.Бекбаев және Н.Аскербектің  жетекшілігімен мектебіміздің "Ақиқат" дебаттық клубы жүлделі  3-орынды  иеленді. Дебаттық клуб мүшелерінің ішінен 9-сынып оқушылары Джамбай Елнара және Манарбек Злиха топ жарып аудандық турға қатысты. 

Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст