Текст
Ақпанның 14-і күні 8-11 қазақ сыныптары арасында пікірсайыс турнирі өтті. Екі сағатқа созылған сөз додасында компьютерлік ойындардың пайдасы мен зияны, үй жұмысының қажеттілігі туралы пікір алмасып, ой жарыстырды.
Нәтижесінде ой ұшқырлығы, тапқырлығы және ұтымды сөзімен көзге түскен үздіктер алға шығып, жеңімпаздар анықталды.
І орын "Оян қазақ" тобы (Бейсенбек Н. Серікбол А.)
ІІ орын "Азаттық " тобы (Жанай А. Муканова А.)
ІІІ орын "Қазақ елі" тобы (Серікбол Қ. Манарбек З.) мен "Жас Алаш" тобы (Джамбай Е. Асылбек Н.)
IV орын "Жігер" тобы (Хожабай Н. Тасмұханбет Т.)
"Үздік спикер" ретінде Муканова Айгерім танылды. Жеңімпаздардың барлығы тәтті сыйлықтармен марапатталды.