Текст
Бүгін мектебімізде Біржан сал Қожағұлұлының 190 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурасал Аскербек 6-7 сыныптар арасында танымдық сабақ өткізді. Оқушыларды Біржанның өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, викториналық сұрақтар қойылды. Оқушылар сал серілер кімдер, несімен ерекшеленетінін білді. Оқушылар жастайынан бастап домбырамен ән салуға, өлең сөз қиыстыруға бейімдігі болған ақынның өмірі жайлы түсірілген бейнефильмнен үзінді көрді. Сабақ соңында кері байланыс беріп, өз пікірлерімен алмасты.