Текст
Гуманитарлық пәндер бірлестігінің ашылуы. Бүгін мектебімізде гуманитарлық пәндер бірлестігі онкүндігінің ашылу салтанаты өтті (қазақ тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру, көркем еңбек, музыка). «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мемлекеттік тілдің маңызы туралы айтылып, оқушылар мен ұстаздарға ұлттық тағам-бауырсақтан дәм татқызды.