Текст
15.03.2024
Ежелден қазақ халқы үшін ақ дастарханнан әрі дәмнен үлкен нәрсе болмаған. «Ас адамның арқауы» деп есептеген қазақтың ұлттық дастарханында бұрыннан қолданылған тағамдардың негізгі түрлерін еттен, сүттен, қымыздан, сарымайдан, құрттан және мал өнімдерінен әзірлеген. Сондай-ақ осы тамақ түрлерінің емдік қасиеттері де жетерлік. Осыған орай Наурыз мейрамы қарсаңында бүгін мектебімізде 5-11 сыныптар арасында «Ұлттық тағамдар» фестивалі өткізілді. Барлық сынып оқушылары, сынып жетекшілері, ата-аналары ат салысып, дастархан дайындады.
